1-3 Қыркүйек, Астана
27-ші
Дүниежүзілік кардиоваскуляр​л​ы және торакальды
хирургтар қауымдастығының конгресі
“Bridging the gap of surgical training”
бойынша тіркелу ашық
1-3 Қыркүйек, Астана
Кардиохирургия
1-3 Қыркүйек, Астана
торакальды хирургия
1-3 Қыркүйек, Астана
ғылым және инновациялар
Стюарт Джеймисон
Канцлер WSCTS
Құрметті әріптестер,
Мен Сіздерге үлкен қуанышпен Қазақстанның Астана қаласында өтетін 27-ші жыл сайынғы Дүниежүзілік кардиоторакалды хирургтар қауымдастығының конгресіне (World Society of Cardio-Thoracic Surgeons, WSCTS) қош келдіңіздер деймін.

WSCTS қауымдастығы 1990 жылы ғылыми зерттеулер мен клиникалық бағыттарды ілгерілету мақсатында білім және ғылыммен алмасу үшін Канцлер Джуро Вада (Жапония) басшылық жасауымен құрылды. WSCTS қауымдастығының жыл сайынғы кездесулері әлемнің әртүрлі елдерінде өткізіледі: 2016 жылы Кейптаун қаласында, Оңтүстік Африка, 2017 жылы – Астанада, Қазақстан, 2018 жылы – Люблян қаласында, Словения.

Кезекті конгресс үшін қабылдайтын елді қарау мен таңдауды конгресс өткізу алдында үш жыл бұрын WSCTS қауымдастығының мүшелерінен, бұрынғы президенттер мен өңірлік өкілдерден тұратын WSCTS ұйымдастыру комитеті жүргізеді. 2014 жылы Қазақстан бірауыздан таңдау жасаумен 2017 жылы конгресс өткізу құқығымен жеңімпаз-елдің мәртебесін алды.

Астана – айрықша сымбатты сәулетімен ерекшеленетін жарқын және көз тартарлық келбетті қала, мұнда көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы жоғары деңгейде. Дәрігер Юрий Пя басшылығымен «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ инновациялық хирургиялық технологиядағы аймақ көшбасшысы болып табылады.

Астана – бұл жаңа мүмкіндіктердің іске асатын қаласы, ол мемлекеттің ірі әкімшілік орталығы ғана емес, сонымен бірге инновациялық идеялардың туындайтын қасиетті жер болып табылады.

Біз, Сіздерді Астанада күтеміз!
Юрий Пя
Басқарма төрағасы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ
Құрметті әріптестер,
Сіздерді «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ атынан 2017 жылдың 1-3 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 27-ші Дүниежүзілік кардиоторакалды хирургтар қауымдастығының (WSCTS) конгресіне қатысуға шақыру мен үшін үлкен мәртебе.

Ең алғаш рет Еуразия континентінде Астана халықаралық кардиоторакалды қоғамның ең маңызды іс-шараларының бірі - Дүниежүзілік кардиоторакалды хирургтар қауымдастығының конгресін өткізетін орны болып таңдалды.

Астана қаласының көрікті жерлерінің бірі – Тәуелсіздік сарайы барлық қатысушылар үшін өз есігін айқара ашады және сіздерді танымал халықаралық ғалымдардың баяндамалары мен жаңа инновациялық технологияларымен мастер-кластардың мәнді ғылыми бағдарламасы күтеді.

Біздің ресми серіктесіміз болып табылатын 2017 жылы «EXPO – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуын біздің еліміз аса зор мақтанышпен күтеді. Бұған қоса конгрестің барлық қатысушылары аталған ғаламат ұлы тарихи іс-шараның куәсі бола алады.

Біз игі дәстүрлерді сақтап, сіздің конгреске қатысуыңыз, сіздің кәсіби өміріңіздегі ең пайдалы және қызықты оқиға болуы үшін барлығын жасаймыз.

27-ші Дүниежүзілік кардиоторакалды хирургтар қауымдастығы конгресіне қош келдіңіздер!
WSCTS-ҚА НЕ ҮШІН ҚАТЫСУЫҢЫЗ КЕРЕК?
WSCTS – бұл дүниежүзілік кардиоторакальдық хирургтердің қауымдастығы. Қоғамдастықтың негізгі принципі - географиялық орналасына қарамай, идеяларды талқылау және кардиоторакальдық ғылымды дамыту үшін бірыңғай халықаралық алаңды құру. Осыған орай, жыл сайынғы конгресстер әлемнің түрлі елдерінде өтетіндігі туралы шешім қабылданды.
АСТАНАДАҒЫ WSCTS-2017
WSCTS конгрессін өткізу құқығын Астана 2014 жылы алды. 2017 жылдың қыркүйегінде, Астана ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде, әлемнің 30 елінен келген 1000-нан астам кәсіби мамандар Тәуелсіздік сарайы мекемесінде жиналады. Қатысушыларды әлемнің 50-ден астам жетекші кардиоторакальдық хирургтардан пікірталастар, шебер сағаттары мен оқыту күтулуде.
ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫ
Тәуелсіздік сарайы – әлемдік кардиоторакальдық хирургтардың конгрессін өткізу орны. Сарайда тұрақты түрде ресми мемлекеттік іс-шаралар, форумдар, жиналыстар және кездесулер өткізіледі. Ресми іс-шаралармен қатар, мұнда концерттер, көрмелер, мерекелік шаралар өтеді. Археология залы - ежелгі заманның ерекше экспонаттарымен қуантады. Бұдан бөлек, сарайда қолданбалы және заманауи өнер галереясы, Астана тарихының мұражайы, кітапхана және кинотеатр орналасқан.
Қазақстанға
Қош келдіңіз
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу Қазақстанның маңызды жоба болып табылады.
Демеушілер мен серіктестер
Ұйымдастурышы
Ұйымдастыру туралы сұрақтар :
info@wscts2017.kz
+7 7172 703 153
+7 7172 703 159
БАҚ-на :
partnership@wscts2017.kz
+7(7172)70-31-59
+7 701 799 9477